"Дінмұхамед Қонаев атындағы
№44
мектеп-гимназиясы" КММ

    

Мәзір

Ұлттық бірыңғай тестілеу

2021 жылы ҰБТ-ға компьютерлік форматты енгізу туралы 

🔷️ Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясында 30 сәуір күні сағат 17:00-де zoom платформасы арқылы "Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысушы мектеп бітірушілерді қолдау" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
🔶️ Мақсаты: ата-аналарды 2020-2021 оқу жылындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу процесі туралы ақпараттандыру, қолдау көрсету.
🔷️ Ата-аналар жиналысының міндеттері:
▪️ 2020-2021 оқу жылындағы ҰБТ-ны ұйымдастырудың ерекшеліктерін;
▪️ қауіпсіздік шараларын, жеке гигиена ережелерін сақтауын қадағалау;
▪️ ҰБТ процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды түсіндіру.
🔶️ Ата-аналар жиналысы барысында Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясының директоры Б.С.Тлекенова ата-аналар жиналысының тақырыбы бойынша негізгі мәселелерді баяндап, ата-аналарға ҰБТ қалай ұйымдастырылатыны, санитарлық талаптардың қатаң сақталуы туралы  айтып өтті.
🔷️ Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.С.Нурекешова
2020-2021 оқу жылындағы ҰБТ-ны ұйымдастырудың ерекшеліктерін, ҰБТ процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды түсіндірді.
🔶️ Мектеп психологы А.А.Қадыржанова «Ата-аналарға арналған психологиялық кеңестер» туралы айтып, жадынамалармен бөлісті.
✅ ҰБТ бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) кеңес:
ҰБТ-ға қатысушы түлекті қолдауды іске асыру үшін ата-аналарға:
- баланың жүріс-тұрысына жіті мән беру;
- баланың психикалық даму ерекшелігін естен шығармау;
- оны тыңдай алу, сөзіне мән беріп, әңгімені кейінге қалдырмау;
- баланың жеке кеңістігіне қол салмау, шешімдеріне сыйластықпен қарау;
- шамасы келмейтін, өресіне сыймайтын талап қоймау;
- жасөспірімдік кезде болатын өтпелі кезеңде мінез-құлқында гормондық дамуға байланысты болатын өзгерістерді есепке ала отырып, қарым-қатынас жасау;
- баламен қарым-қатынаста жиі түсініспеушілік жайттер орын алатын болса, маманның кеңесіне жүгіну;
- баланың күн тәртібін реттеу, уәждемесін көтеру;
- баланың уақытылы дем алуы;
- оқу материалдарын өз бетімен және педагогтер көмегімен қайталау.
✅ Баланың дайындығына қойылатын арнайы бекітілген талап жоқ, дегенмен сақталуы керек бірқатар ережелер бар:
- күн тәртібін жоспарлап қою;
- уақытты тиімді пайдалану;
- дұрыс тамақтану;
- отбасында жылы, жаймашуақ орта қалыптастыру;
- дене жаттығуын жасату.
- уақытында ұйықтатып, ұйқысын қандыру;
✅ Қолы бос кезде:
- сүйікті ісімен айналысу;
- таза ауада серуендеу;
- үй шаруасына көмектесу;
- өзіне жүктелген міндеттерді атқару;
- кітап оқу;
- достарымен араласу т.с.с.
🔷️ Тамақтануы, ұйқысы бұзылса, оның себебін анықтау керек. Ол психикалық жарақат салдарынан болуы мүмкін. Жасөспірім шақта белгілі-бір мінез-қырлары айқын көрініс табады, соның салдарынан түрлі қиыншылықтар туындайды. Сондықтан бей-жай қарамаңыз. Қанша уақытқа созылды? Соған мән беріңіз. Егер нақты бір жайт әсер еткеннен кейін үйде қолдау көрсетілсе де оң өзгеріс болмаса, арнайы маманның (психолог, психотерапевт) кеңесіне жүгінген абзал.
✅ Айтылуы тиіс сөздер:
- ҰБТ – бұл  бар болғаны сынақ, ал сынақ нәтижесі әртүрлі болуы мүмкін;
- ҰБТ маңызды сынақ болғанымен де, оның көрсеткіші болашаққа еш кедергі бола алмайды. Өмір тек ҰБТ- дан тұрмайды, осы сәттегі сәтсіздік ол –  уақытша қиындық. Уақытша болғандықтан ол өтеді де кетеді;
- «Бұл баға маңызды болғанымен, ары қарай өмір сүрудің көрсеткіші бола алмайды;
- сені жақсы көреміз. Мен саған сенемін. Сенің бар болғаныңа бақыттымын. Мен өзіңмен мақтанамын, сен біздің тірегімізсің. Кез келген сәтте өзіңмен біргемін;
- өзіңмен ақылдасқым келеді;
- сенің шешіміңді құрметтеймін.

Мемлекеттік рәміздер

Директор блогы

Тлекенова Бибігүл Саурқызы

Менің блогыма
қош келдіңіздер!

Блогқа өту

Администрация

Дюсенбаева Ляззат Серикбаевна

12-03-2019 Hits:29336 Администрация Super User

Дюсенбаева Ляззат Серикбаевна
директордың ғылыми – әдістемелік орынбасары

Read more

Нурекешова Айгул Сагидоллақызы

12-03-2019 Hits:28894 Администрация Super User

Нурекешова Айгул Сагидоллақызы
директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы

12-03-2019 Hits:28633 Администрация Super User

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы
директордың бастауыш сынып бойынша оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Темирбаева Құралай Хабибуллақызы

12-03-2019 Hits:29015 Администрация Super User

Темирбаева Құралай Хабибуллақызы
директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Сәрсенова Гауһар Сатыбалдықызы

12-03-2019 Hits:29281 Администрация Super User

Сәрсенова Гауһар Сатыбалдықызы
мектеп психологы

Read more

Айтжан Ботагөз Талғатқызы

12-03-2019 Hits:29201 Администрация Super User

Айтжан Ботагөз Талғатқызы
әлеуметтік-педагог

Read more

Мырзашева Эльмира Набиуллиновна

14-03-2019 Hits:19170 Администрация editors

Мырзашева Эльмира Набиуллиновна 
Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Урбисенова Алия Кабдырахиевна

15-03-2021 Hits:20242 Администрация editors

Урбисенова Алия Кабдырахиевна
Директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары

Read more

Ардақ Жангелдіқызы

19-03-2021 Hits:20048 Администрация editors

Ардақ Жангелдіқызы
Тәлімгер

Read more

Мектеп формасы

Разработчик Torus.kz