"Дінмұхамед Қонаев атындағы
№44
мектеп-гимназиясы" КММ

    

Мәзір

Бейіндік оқыту

Жаңа 2020-2021 оқу жылы оқу жоспарлары туралы 

Д.Қонаев атындағы «№44 мектеп-гимназиясы» 2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру кезінде әдістемелік-нұсқау хатты, сонымен бірге «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезінде білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығымен бекітілген әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа алды».

2020-2021 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастыруда қолданыста болатын НҚА

Білім беру деңгейлері

МЖМБС

Типтік оқу жоспарлары

Типтік оқу бағдарламалары

Мектепалды дайындық

ҚР МЖМБС

(№604 31.10.2018ж

12.12.2012 №557

12.08.2016 №499

1-4-сыныптар

8.11.2012 №500

(4.09.2018 №441)

3.04.2013 №115

(8.04.2016 №226,

10.05.2018 №199,

17.10.2018 №576)

5-9-сыныптар

8.11.2012 №500

(4.09.2018 №441

17.08.2020 №350)

3.04.2013 №115

(25.10.2017 №545)

10-11-сыныптар

8.11.2012 №500

(4.09.2018 №441,

15.05.2019 №205

17.08.2020 №350)

3.04.2013 №115

(27.07.2017 №352,

7.03.2019 №105,

21.04.2020 №154)

5-11-сыныптарда білім беру процесі келесі құжаттар негізінде жүзеге асырылды:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты(2020 жылғы 5 мамырдағы №182 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

5 сыныптар ҚР БжҒМ 2018 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығына 15 қосымша болып еңгізілген ҚР БжҒМ 2012 жылғы қарашадағы № 500 бұйрығының 39 қосымшасына жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу жоспарына негізделіп алынды.

6 сыныптарда оқу жоспары ҚР БжҒМ 2018 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығына 15 қосымша болып еңгізілген ҚР БжҒМ 2012 жылғы қарашадағы № 500 бұйрығының 39 қосымшасына жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу жоспарына сай құрылды.

7 сыныптарда білім алушылардың ерте кәсіби бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында педагогикалық кеңесінің шешімі негізінде (28.08.20 №1 хаттамасы) қысқартылған оқу жүктемесімен ҚР БжҒМ 2018 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығына 15 қосымша болып еңгізілген ҚР БжҒМ 2012 жылғы қарашадағы № 500 бұйрығының 39 қосымшасына жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу жоспарына сай құрылды. Оқу пәндерінің қиыстырылуы оқушылардың қызығушылықтары мен ата-аналардың сұранысын ескере отырып төмендегі тізбекте пәндер комбинациясы анықталды:

7 А сыныбы – география,ағылшын тілі,биологияпәндерінен;

7 Б сыныбы алгебра, физика,география пәндерінен;

7 В сыныбыалгебра, физика,география пәндерінен;

7 Г сыныбы алгебра, физика, биология пәндерінен;

7 Д сыныбы биология,химия,география пәндерінен;

7 Е сыныбы биология,химия,география пәндерінен;

7 ЖҚазақстан тарихы, қазақ тілі,ағылшын тілі пәндерінен тереңдетіп оқитын болады.

8 сыныптарда оқу жоспары ҚР БжҒМ 2018 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығына 15 қосымша болып еңгізілген ҚР БжҒМ 2012 жылғы қарашадағы № 500 бұйрығының 39 қосымшасына жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу жоспарына сай құрылды.8 сыныптарда былтырғы оқу жылындағы таңдалған пәндер комбинациясын жалғастыруда.

8 А сыныбы – Ағылшын ілі, Қазақстан тарихы, қазақ тілі пәнінен;

8 Б сыныбы химия, биология, география пәндерінен;

8 В сыныбы Алгебра, физика, биология пәндерінен;

8 Г сыныбы химия, биология, физика пәндерінен;

8 Д ағылшын тілі, география, биология пәндерінен;

8 Е сыныбы алгебра, физика, география пәндерінен тереңдетіп оқитын болады

9-сыныптардың оқу бағдарламасының ерекшелігі базалық білім беруді аяқтауға бағытталды.

9-сыныптарда оқу жоспары ҚР БжҒМ 2018 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығына 4 қосымша болып еңгізілген ҚР БжҒМ 2012 жылғы қарашадағы № 500 бұйрығының 16 қосымшасына жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу жоспарына сай құрылды.

9-сыныптардың оқу пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын дамытуға, толыққанды қарым-қатынас жасауға қажетті және тұлғаның дамуына ықпал ететін, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытатын социумдағы өмір үшін маңызды дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Бұдан басқа, оқыту процесінде тоғызыншы сынып оқушыларының оқытылатын оқу материалдарын талдау, жіктеу, жүйелеу, жинақтау және оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді бағалау дағдыларының қалыптасуын қамтамасыз ету маңызды.

2020-2021 оқу жылы мектепте 9А, 9В сыныптары ағылшын тілін, 9Г математика пәнін тереңдетіп оқып келеді.

10-сыныптарда оқу процесі жаңартылған білім мазмұндағы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартымен оқиды

10-сыныпты оқытудағы басты ерекшелік білім алушыны нақты мамандануға және оның болашақ кәсіби қажеттіліктері мен болашақта таңдауы мүмкін мамандығына сәйкес стандартты және тереңдетілген деңгейлердің оқу пәндерін таңдауға бағыттау болып табылады.

10-сыныптардың үлгілік оқу жоспары ҚР БжҒМ 2018 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығына 23 қосымша болып еңгізілген ҚР БжҒМ 2012 жылғы қарашадағы № 500 бұйрығының 47 қосымшасына және ҚР БжҒМ 2018 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығына 25 қосымша болып еңгізілген ҚР БжҒМ 2012 жылғы қарашадағы № 500 бұйрығының 49 қосымшасына жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу жоспарына сай құрылды. 10-сыныптарға арналған үлгілік оқу жоспарына (бұдан әрі - ҮОЖ) сәйкес оқу бағытына қарамастан барлық білім алушыларға ортақ пәндер тізімі анықталды.

10 А,Б,В сыныптар жаратылыстану-математика және 10Г қоғаидық-гуманитарлық бағыт бойынша,Стандартты және тереңдетілген деңгейдегі пәндерді таңдау арқылы бейінді білім алушылар анықтады,

Тереңдетілген деңгейдегі 2 міндетті және стандарттық деңгейдегі 2 міндетті пәнді таңдау енгізілді.

10-сыныпта оқушылардың таңдауы бойынша «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» жаңа пәндері енгізіліп мектеп оқушылары соның ішінде 10а, 10б, 10в, 10г «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» курсын таңдады. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәніне де өзгерістер енгізілді. «Информатика» пәнінен де жаңа оқу бағдарламасы енгізілуде.10 сыныптардың тереңдетілген деңгейі жаратылыстану – математика бағыты бойынша оқушылардың қызығушылықтары мен болашақ мамандықтарына сай таңдап алынып, төмендегі комбинацияда бөлінді: 10А, 10Б – физика-география, 10в – биология-химия, 10г – құқық-дүниежүзі тарихы.Стандартты деңгейлері «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» курсы таңдалып 10а.б,в,г сыныптарына берілді.

Бағдарлы оқыту 11 сыныптарда

11 сыныптарда оқужоспары ҚР БжҒМ 2018 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығына 23 қосымша болып еңгізілген ҚР БжҒМ 2012 жылғы қарашадағы № 500 бұйрығының 47 қосымшасына жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу жоспарына сай құрылды.

11 сыныптарға арналған оқу жоспарының негізгі мақсаты – мектептің вариативтік компонентіне жалпыға бірдей және бейіндік сипаттағы тұлғаның өзін-өзі анықтауға дайын, жан-жақты дамуын қалыптастыруды жаңғырту арқылы жүзеге асыру болып табылады. Бағдарлама оқушылардың стандарттық білім алуына, мамандыққа баулуға, мәдениеттілік құзырлықтарын арттыруға бағытталады. Жоғары сыныптарға арналған оқу жоспарының вариативтік компоненті бейіндік пәндерден және бейіндік емес пәндерден жалпыға бірдей құзырлықтарды қалыптастыруға негізделді. Ғылыми-жаратылыстану сағаттары көлемінің көбейтілуі білім беру жүйесінің даралануын, сонымен қатар таңдаулы пәндердің айғағы. 11 сыныптардағы оқу жоспары бағдарлап оқытудың мақсаты мен міндетіне сай жоғары сынып оқушылардың таңдауына жағдай жасайтын мектеп компонентінде қолданбалы курстар ұйымдастырылды, мамандармен, әдістемелік-оқыту жинақтарымен қамтамасыз етілді. Вариативтік компонент сабақтары болашақ түлектерге ғылымның әр түрлі саласынан білім беріп қана қоймай, оның танымын, дағдысын, іскерлігін дамытуды, қалыптастыруды діттей отырып, келешек өмір жолын, мамандығын таңдап алуына, соған байланысты бейімділігі мен қабілетін дамытып, қалыптастыруға бағытталған. Бұл таңдау курстары 11 сынып оқушыларының өмірде жаңылмай өз жолдарын таба білулеріне септігін тигізеді. 11А, 11Б,11В сыныптары жаратылыстану-математикалық бағытта оқиды. 11А сыныбы география-физика, 11Б география- физика, 11В химия-биология бағдарлы оқуды жалғастырады. Тереңдетілген деңгейдегі 2 міндетті және стандарттық деңгейдегі 2 міндетті пәнді таңдау жалғастырылуда,10-сыныпта оқушылардың таңдауы бойынша «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» жаңа пәндері енгізіліп мектеп оқушылары соның ішінде 11а,11б,11в, «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» курсын таңдады. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәніне де өзгерістер енгізілді. «Информатика» пәнінен де жаңа оқу бағдарламасымен жалғастыруда.

Оқу жоспары оқытудың кезеңдері арасындағы сабақтастықты сақтайды. Апталық оқу жүктемесі оқушыға арналған шекті деңгейден аспайды.

Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының педагогикалық қызметкерлері ұжымының алға қойған мақсаттары нақты іс-әрекеттермен: оқыту мен үйрету, еңбекке тәрбиелеу, денсаулығына көңіл аудару, ұлттық өзіндік сананы қалыптастыру, эстетикалық мәдениетті дамыту, жеке шығармашылық қабілеттерін жетілдіру арқылы жүзеге асырылады.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: А.С.Нурекешова

Мемлекеттік рәміздер

Директор блогы

Тлекенова Бибігүл Саурқызы

Менің блогыма
қош келдіңіздер!

Блогқа өту

Администрация

Дюсенбаева Ляззат Серикбаевна

12-03-2019 Hits:25317 Администрация Super User

Дюсенбаева Ляззат Серикбаевна
директордың ғылыми – әдістемелік орынбасары

Read more

Нурекешова Айгул Сагидоллақызы

12-03-2019 Hits:24771 Администрация Super User

Нурекешова Айгул Сагидоллақызы
директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы

12-03-2019 Hits:24701 Администрация Super User

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы
директордың бастауыш сынып бойынша оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Темирбаева Құралай Хабибуллақызы

12-03-2019 Hits:25042 Администрация Super User

Темирбаева Құралай Хабибуллақызы
директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Кадыржанова Ализа Арыстанбековна

12-03-2019 Hits:25138 Администрация Super User

Кадыржанова Ализа Арыстанбековна
мектеп психологы

Read more

Айтжан Ботагөз Талғатқызы

12-03-2019 Hits:25071 Администрация Super User

Айтжан Ботагөз Талғатқызы
әлеуметтік-педагог

Read more

Мырзашева Эльмира Набиуллиновна

14-03-2019 Hits:15119 Администрация editors

Мырзашева Эльмира Набиуллиновна 
Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Урбисенова Алия Кабдырахиевна

15-03-2021 Hits:16130 Администрация editors

Урбисенова Алия Кабдырахиевна
Директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары

Read more

Ардақ Жангелдіқызы

19-03-2021 Hits:16042 Администрация editors

Ардақ Жангелдіқызы
Тәлімгер

Read more

Мектеп формасы

Разработчик Torus.kz