"Дінмұхамед Қонаев атындағы
№44
мектеп-гимназиясы" КММ

    

Мәзір

Мақсатым:  

Әр тұлғаның психология-медико-педагогикалық жағдайының ерекшелігін, микро ортасын, өмір сүру жағдайын, өмірге қызығушылығын, жеке әлеуметтік жағдайларын зерттеу, анықтау және оқушының тәртібіндегі кездесетін қиыншылықтарын қадағалай отырып, өз уақытында әлеуметтік көмек көрсету, мүддесін қолдау, құқығын қорғау. 

Міндетім:

-  Мектепте, отбасында, өмір сүру ортасында, жастар мен балалар қоғамдарында және ұйымдарында баланың тұлғалану үдерісінің дамуына тікелей әсер ету;

- Баланың құқықтары мен қызығушылықтарын мектепте баланың қорғанышы ретінде өзім немесе басқа да мамандарды қатыстыра отырып қорғау;

- Бала тәрбиесінде отбасына әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету. Тұлғалану үдерісіне кері әсерін тигізетін әлеуметтік қатерлі отбасыларын анықтау;

- Қорғаншы мен қамқоршыларды қажет ететін балалар мен жастарды анықтау және есепке алу жұмыстарын жүргізу;

- Мінез-құлқында ауытқу байқалатын балалар мен жастарды дер кезінде анықтау, (қылмыстың, құқық бұзушылықтың, маскүнемдіктің, таксикоманияның, наркоманияның және т.б. алдын алу).

- Салауатты өмір салтын ұйымдастыру  мәселелерімен айналысу, оқушылардың ақыл-ой және физикалық дамуына байланысты түзету-оңалдыру әрекетін ұйымдастыру;

- Түрлі әлеуметтік топтарда  сенімді  қарым-қатынасқа түсе алуына көмек көрсету, әлеуметтену үдерісіне (кәсіп таңдауда, жұмысқа тұруда, денсаулығын нығайтуда, бос уақыттарын ұйымдастыруда және т.б.) ықпал ету;

- Ата-аналарға, педагогтарға, басқа да ұйымдардың  қызметкерлеріне әлеуметтік-педагогикалық кеңес берумен айналысу.

 

2020-2021 оқу жылының басында Д.Қонаев атындағы  № 44 мектеп-гимназиясы бойынша қамқоршылықта, аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларын анықтау жұмыстары жоспарға сай жүргізілді.

Мектептің әлеуметтік паспорты жасақталды:

Жалпы оқушы саны-1701

Толық отбасынан шыққан оқушы саны-1498

Толық емес отбасынан шыққан оқушы саны-203

Әке тәрбиесіндегі оқшылар саны-4

Қамқоршылықтағы оқушы-1

Көп балалы отбасыдан шыққан оқушылар саны-245

Аз қамтылған отбасыдан шыққан оқушылар саны-39

Үйден оқитын оқушылар саны-2

ПМПК есебінде тұрған оқушылар саны-15

Оралман отбасы-0

Жетім-0

Жеке пәтері бар-958

Жалдамалы үйде тұрады-743

Дін жолындағы отбасыдан шыққан оқушылар саны-15

 

Мектебімізде  қамқоршысынан айырылған, аз қамтылған, көп балалы отбасыдан шықан оқушыларға әлеуметтік материалдық көмек көрсетіліп келеді.

«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына» көрсетілетін қызметті алушы ата-аналарға мемелекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізімі берілді. Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берілді.

Өткізілген шара тақырыбы

Сыныбы

Оқушы саны

Өту мерзімі

1

«Мектепке жол» акциясы

1-11

134

03.07.2019-30.09.2019

2

«Мейірбандық күндер» айлығы

1-11

564

қазан

2

«Қыз балалар гигиенасы» медбикемен кездесу

9-11

146

қараша

«Мектепке жол» айлығының өтуі туралы мәліметі

ҚР БжҒМ-нің 5.07.2019ж. №4189 хаты негізінде, БҚО білім басқармасының 05.07.2019ж. №447 бұйрығына сәйкес 2020-2021 оқу жылы ішінде  «Мектепке жол» акциясын өткізу бойынша Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясында іс-шаралар жоспары құрылды. Акция «Жүректен» ұранымен өтті.

Мақсаты: әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына көмек көрсету,әлеуметтік жағдайын анықтау арқылы сол балалардың мектепке дайындығын бақылау және материалдық,қаржылай көмек көрсету.

Мектеп әкімшілігі акцияға белсене қатысу туралы  хабарландыру беріліп,қала тұрғындарын акцияға белсене қатысуға шақыру жүргізілуде. Мектебімізде акция  бойынша  баннер,плакат,стендтер жасақталды, әлеуметтік желілерге хабарландырулар берілді.

Акция шеңберінде бюджет есебінен 1203680теңге қаражат көлемінде 79 оқушыға көмек көрсетілді,  атап айтсақ  атаулы әлеуметтік көмек алатын 23 отбасы балаларына және де 54 аз қамтылған оқушыға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушыға  мектеп формасы, спорт тауарлары, кеңсе таарлары берілді. Қамқоршылық кеңес шешімімен демеуші есебінен 142798 теңгеге аз қамтылған, көп балалы 43 оқушыға киім-кешек, аяқ киім әперіліп, кеңсе тауарларымен қамтамасыз етілді. Әлеуметтік көмекті қажет ететін барлық оқушыға ағымдағы  оқу жылында демеушілік көмек есебінен мектепке дайындалуда қолдау көрсетілетін болады.

«Мейірбандық күндер» айлығының өтуі  туралы мәліметі

Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясынада  1-30 қазан аралығында «Мейірбандық күндер» қайырымдылық айлығы жоспарланды. БҰҰ Бас ассамблеясының шешіміне сәйкес 1991 жылдан бастап 1 қазан Халықаралық қариялар күні болып тойланып келеді. Аталмыш мейрамда табыс-кірісі аз жандар, қариялар, жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектер басты назарда болуы керек. Бұл күн елімізде «Қариялар күні» деп аталады.  «Үлкенге құрмет-кішіге міндет» тақырыбында 1 қазан Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай мектеп оқушылары видео құттықтау жолдап, мектептің әлеуметтік парақшасына жарияланды.

«Қайырымдылық – ең ізгі қасиет»  мектеп бойынша көп балалы, аз қамтылған отбасыларға жалпыға бірдей білім беру қорынан  177999 теңгеге 39 оқушыға оқу құралдары мен мектеп формасы және спорттық киімдер мен сөмкелер , 259392 теңгеге 15 оқушыға қысқы күртелер табысталды. Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек алатын, ата-ана қамқорлығынсыз қалған отбасы балаларына, аз қамтылған көп балалы әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасы балаларына спорт киімі, кеңсе тауарлары,  интернет тарифтеріне ақы төленді. Мектебіздің  көпбалалы отбасыдан шыққан талантты, оқу озаты 5- сынып оқушысы Шайхиева Аэлитаға  Қарақат музыкалық мектебі бір жылға тегін жолдама берді.Спонсорлық  көмек берген ата-аналарға, мектеп ұстаздарына көрсеткен мейірімділіктері үшін ата-аналар тарапынан мектеп әкімшілігінен алғыс білдірді.

«Отаншылдар» балалар мен жасөспірімдер ұйымының еріктілер тобы айлыққа белсене қатысып, өз белсенділіктерін көрсете білді.

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын басшылыққа алып және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 «Короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кзеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі  әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Республикалық «Мектепке жол» акциясы шеңберінде 2020 жылдың 7 тамызында арнайы комиссия құрылып, қамқоршылық кеңестің №1 хаттамасы негізінде  мектеп есебіндегі және ҚР үкіметң резервінен алынған компьютерлер мен ноутбуктарды әлеуметтік қорғалған отбасы (атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар, жетім балалар, ата анақамқорлығынсыз қалған отбасы балалары, білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушәлердің өзге де  санаттарына жататын отбасындағы ) балаларға  компьютерлер мен ноутбуктер таратылды. Барлығы 151 компьютерлік техника (52 компьютер, 99 ноутбук)  АӘК алатын 12 отбасы (20 оқушы), Аз қамтылған  19 отбасы (41оқушы), ата ана қамқорлығынсыз қалған 1 отбасы  (2 оқушы), өзге  санаттағы 119 отбасына берілді. Жалпы алғанда бүгінге дейін 151 компьютерлік техника 234 оқушыға берілді.

  

"Ғажайыпқа толы жаңа жыл" атты жаңа жылдық шырша да биыл өзіндік ерекшелігімен есте қалмақ. Балалар үшін ғажайып пен тосынсыйларға толы мереке қарсаңында мектеп әкімшілігі Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы атынан келген құттықтау мен сыйлықтарды дарынды,  жоғары жетістіктерге қол жеткізіп жүрген оқушыларымыз Аманғали Мәулен мен Сәрсенбайқызы Альбинаның үйіне барып табыстады.

"Айналайын!  Келе жатқан жаңа жылың құтты болсын! Бұл мереке саған көп жақсылық әкелсін. Білім жолындағы талабыңа нұр жаусын. Қанатың талмасын. Сенің елін сүйер ұлтжанды, әрі саналы азамат болып өсуіңе тілектеспін. Арман-мұраттарыңа жете бер! " делінген Президентіміздің құттықтау хатында.  Ұлы ақын Абай атамыздың кітабы,"Bilim book"   интерактивті планшеті мен тәттілерден тұратын мерекелік сыйлық барлық санитарлық талаптар сақтал отырып,  өз иесіне жетті.

   

«Барлық бала бақытты болу үшін жаралған» деген қағиданы ұстанған  мектебіміздің белсенді ата-аналары жаңа жыл қарсаңында белсенділік танытып, жекелеген санаттағы оқушыларымызды жаңа жылдық тәттілермен ойыншық сыйлықтарымен қуантты.Қайырымдылық- адамзат бойындағы ерекше қасиет, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Осындай қайырымды іс жасап,мереке қарсаңында өз көмектерін тигізген 2 «з», 7 «д», 7 «е»,10 «г» сынып ата –аналарына алғыс білдіріп, алғыс хаттар табысталды.

Мемлекеттік рәміздер

Директор блогы

Тлекенова Бибігүл Саурқызы

Менің блогыма
қош келдіңіздер!

Блогқа өту

Администрация

Дюсенбаева Ляззат Серикбаевна

12-03-2019 Hits:17951 Администрация Super User

Дюсенбаева Ляззат Серикбаевна
директордың ғылыми – әдістемелік орынбасары

Read more

Нурекешова Айгул Сагидоллақызы

12-03-2019 Hits:17367 Администрация Super User

Нурекешова Айгул Сагидоллақызы
директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы

12-03-2019 Hits:17295 Администрация Super User

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы
директордың бастауыш сынып бойынша оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Темирбаева Құралай Хабибуллақызы

12-03-2019 Hits:17568 Администрация Super User

Темирбаева Құралай Хабибуллақызы
директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Кадыржанова Ализа Арыстанбековна

12-03-2019 Hits:17705 Администрация Super User

Кадыржанова Ализа Арыстанбековна
мектеп психологы

Read more

Айтжан Ботагөз Талғатқызы

12-03-2019 Hits:17666 Администрация Super User

Айтжан Ботагөз Талғатқызы
әлеуметтік-педагог

Read more

Мырзашева Эльмира Набиуллиновна

14-03-2019 Hits:7863 Администрация editors

Мырзашева Эльмира Набиуллиновна 
Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Урбисенова Алия Кабдырахиевна

15-03-2021 Hits:8819 Администрация editors

Урбисенова Алия Кабдырахиевна
Директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары

Read more

Шиганбаев Ерекен Өмірұзақұлы

19-03-2021 Hits:8706 Администрация editors

Шиганбаев Ерекен Өмірұзақұлы
Тәлімгер

Read more

Талапова Асемгуль Кайратовна

30-03-2021 Hits:8032 Администрация editors

Талапова Асемгуль Кайратовна
Тәлімгер

Read more

Мектеп формасы

Разработчик Torus.kz